«Код сағаты» акциясы
Жетісу ауданы 101мектеп- гимназияда "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы негізінде XXI ғасырдағы негізгі дағдылардың бірі – бағдарламалауға қызығушылығын ояту мақсатында 9-15 желтоқсан аралығында 3-11 сынып оқушылары арасында Жаһандық компьютерлік аптасы аясындағы Қазақстанда халықаралық «Код сағаты» акциясы өткізіліп жатыр. Код сағатының міндеті – қатысушыларды қарапайым және қызықты тәсіл арқылы бағдарламалау мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын қалыптастыру.